Қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескеріп жүрсіз бе?
#qyzylordatv
Өңірде жылу беру маусымы 5-ші қазанда басталды. Осыған сәйкес, облыс аумағында газды қауіпсіз пайдалану және газдан уланудың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз үй» ауқымды профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Жылу беру маусымы басталғалы облыс орталығында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жүздеген тұрғын анықталған. Басым көпшілігі тұрмыстық пештің техникалық жағдайына мән бермей, балаларды қараусыз қалдырған. Сондай-ақ, төтеншеліктер рейд кезінде қаладағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен тез жанатын жиһаздар мен газ балондардың сақтаулы тұрғанын анықтаған. Олқылықтар дер кезінде ретке келтірілді.
РҮСТЕМ БЕРКІНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шара кезінде басты назар әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлеріне аударылып, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұдан бөлек, облыс аумағында жатақхана, таза түтін мұржасы акциялары ұйымдастырылып, тұрғындарға өрт кезіндегі бастапқы іс әрекет алгоритмі түсіндірілуде. Жылыту маусымындағы қауіпсіздік ең алдымен әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау өрттің, улы газбен уланудың және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы.