Негізгі Жаңалықтар Астана мен Alatau City жобасы Сингапурде жоғары бағаланды

Астана мен Alatau City жобасы Сингапурде жоғары бағаланды

#qyzylordatv  

«Астана — бұл қарқынды өсіп келе жатқан қала. Бұл келесі Дубай мен Сингапур». Сингапурда өткен халықаралық конференцияда әлемге танымал АҚШ инвесторы, IT-стратег Баладжи Сринивасан Астананың тазалығы мен сұлулығын жоғары бағалап, шетелдік инвесторларды Alatau City жобасына назар аударуға шақырды.


 Ол Астананың географиялық орналасуын, инфрақұрылымын, соның ішінде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын және мемлекеттің цифрландыруға деген ұмтылысын жоғары бағалап, қаланы болашақта жаһандық деңгейдегі ірі технологиялық хабқа айналады деп болжады. Сингапурлық инвестор сонымен қатар Қазақстанда криптоактивтер шығаруға, жасанды интеллектке арналған дата-орталықтар салуға және халықаралық таланттарды тартуға болатынын атап өтті. 


 The Network State Conference 2026 халықаралық конференциясына IT саласы мен криптоиндустрияның ең ықпалды өкілдерінен тұратын 3500-ден астам қатысушы жиналды. Мұндай деңгейдегі сарапшылардың бір алаңда бас қосып, Қазақстанның бастамаларын талқылауы еліміздің халықаралық аренадағы жаңа жетістігін көрсетеді.


Бөлісу