Бельгия Королі мен Патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
#qyzylordatv
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті. Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге арнайы келген Бельгия королі Филипп пен патшайымы Матильда қонақжайлығы мен сый-құрметі үшін Президентке ризашылығын білдірді. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарына және халықаралық аренадағы биік абырой-беделіне арнайы тоқталды.