Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжі ұрмалы аспаптар класының ұйымдастыруымен лекция концерт ұйымдастырды. Ерекшелігі сол концертте музыкалық шығармалармен қатар аспаптардың шығу тарихынан дәрістер оқылды.

Музыка әлемінде бірнеше аспаппен бір шығарманың орындалуы таңсық емес. Алайда тек ұрмалы-соқпалы аспаптардың көмегімен тыңдарманға жол тартқан туындылар жиі кездесе бермейді. Қызылорда жоғары музыкалық колледжі ұрмалы аспаптар класының ашылғанына биыл 25 жыл. Осы уақыт аралығында өнер шаңырағынан талай түлек түлеп ұшты. Лекция концерт ширек ғасырлық белесті түйіндеп, өнерпаздардың жаңа легінің мүмкіндігін көрсетуге бағытталды.

Концерт барысында колледж оқытушысы Данияр Ботабаев әрбір аспаптың шығу тарихы мен қолданыс аясын түсіндірді. Бұл студенттер үшін тәжірибе дейді ұстаздар.

Еркін форматта өткен шығармашылық кеште оқытушылар мен студенттер жеті түрлі аспапта ойнап, классикалық және заманауи үлгідегі шығармаларды орындады. Мұнда аспапты меңгере отырып, оны дамыта білу маңызды.