Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында демалыс орталығы мен мен балаларға арналған ойын алаңы салынып жатыр. Сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолынан бастап ауылға кіре беріске дейінгі көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары демеуші есебінен жүзеге асып жатыр. Мәселен, тал, гүл егуге 100 млн теңге бөлінсе, ойын алаңы мен демалыс орталығын салуға 90 миллиондай қаржы қаралған. Бұл туған жерге деген қамқорлықтың белгісі. Демалыс орны жасыл желекке бөленіп, су бұрқақтар орнатылса, ойын алаңында ауыл жастары футбол, волейбол, баскетбол ойнап, бос уақытын тиімді өткізеді.

ЕРКЕБҰЛАН ЕРӘЛИЕВ, ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ \Түрлі түсті жарықтандыру жұмыстарыда жүріп жатыр. Оған да 20 млндай ақша жұмсалды. Мектеп, мәдениет үйі, сағат жарықтандырылды...Мақсат біреу ғана халыққа жағдай жасау, демалыс орындарын ашу, ауылды түлету\