5 шілдеден бастап қала аумағында «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылады. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 10 дана бейнебақылау камералары орнатылды.
Аталған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылар екі бағытта жылдамдық асырған және жол белгілерін елемей, құқық бұзушылық жасаған автокөліктерді анықтайтын болады. Сонымен қатар, нөмірлік белгілерді, машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.
Жол ережесін бұзушылар туралы ақпарат, нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.