Жаңақорған ауданында 80 гектар аумақта алма бағы жайқалып тұр. Кәсіпкер жемістің көшеттерін шет елден арнайы алдырып, біздің климатқа жерсіндіріпті. Ауданда егін шаруашылығында мұнан өзге де бастамалар баршылық. Тақырыпты тілші тарқатады.
Аумағы атшаптырым болатын алма бақты өсіруді «Qaratau Fruits» шаруа қожалығы қолға алған. Кәсіпкер шет елден 140 мың түп жеміс ағашын әкеліп, тамшылату әдісі арқылы өсіріп жатыр. Қарқынды және классикалық деп аталатын екі бақта алманың 3 түрі бар. 3-4 жылда жеміс салатын көшеттер күтімі жақсы болғаннан соң, небәрі 15 айда алғашқы өнімін берді.
АЛМАС НӘЛІБАЕВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ / Биыл 150-100 тонна өнім болады деп отырмыз. Оны алатын жерлер бар. Алматы облысы сұратып жатыр екен.// Болашақта 1 жазда 2 мың тоннаға дейін өнім беруге мүмкіндік бар.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ // Қарқынды алма бағы ерекше күтімге алынған. Мәселен, әрбір түп алма ағашы осындай сымдарға бекітілген. Мұнан бөлек бау-бақшаның төбесі арнайы тормен жабылған. Бұл желден, жауын шашынан, бұршақтардан және құстардай қорғайды. //
ҮМБЕТ ӘБИБУЛЛАЕВ – АГРОНОМ // Қарқынды алма бақ 100 алма болатын болса, сеткамен жабылып, сымға байланған алманың 90 пайызына дейін пайдалануға болады. //10 мыңдай қада тұрғыздық. Қазір өздеріңіз көріп отсыздар 30 гектар жерді сеткамен жауып үлгердік.
«Qaratau Fruits» шаруа қожалығы келер жылы Батыс Еуропа–Батыс Қытай дәлізінің бойынан 3 400 тонна жеміс-жидек, 1 600 тонна көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жалпы, биыл Жаңақорған ауданында 2100 гектар жерде бау-бақша өнімі өсірілуде. Ал, 36 мың гектарға ауыл шаруашылығы өнімдері орналастырылған.
БАҚЫТ ЖЕКСЕНБАЕВ – АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ //Оның ішінде негізгі дақылымыз күріш дақылы. 7 100 гектар. 20 мыңға жуық жоңышқа дақылы бар. 3 мыңға жуық бидай дақылы бар. Негізінде мал азық дақылдары, әртараптандыру бағытында суды аз қажет ететін дақылдарға бет бұрыс жасап келе жатырмыз. //
Мұндағы басты мақсат, ауданды бау-бақша, ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз