Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисі қызылордалық мамандарға дәріс оқыды. Сыр өңіріне арнайы келген Динагүл Баешова балалар арасында кездесетін инфекциялық жұқпалы аурулар жөнінде және олардың диагностикасы туралы мағлұмат берді.

Инфекционист-дәрігер жаз мезгілінде жиі таралатын менингококкты инфекция, менингит, менингококсемия, көкжөтел ауруы, қызылша, ЖРВИ ауруының диагностикасы, емі, профилактикасына кеңінен тоқталғанын айтады. Әсіресе, демалыс маусымында шет мемлекеттерге барар алдында толық тексеруден өтіп, жұқпалы инфекциялық ауруларға қарсы екпе салдырудың маңызына тоқталды. Осы ретте Динагүл Баешова «ата-аналар балаларының денсаулығына немқұрайлы қарамай, жауапкершілікті сезінуі керек» - дейді.