Шығарылымды ақжолтай ақпармен бастаймыз! Ұлттық бірыңғай тестілеуден қазалылық түлек – 139 балл жинады. Бұл көрсеткіш облыс бойынша ең жоғары нәтиже. Нұрболат Жұбатқан Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектебінің түлегі екен. Өзі «Алтын белгі» иегері. Дәл қазір онымен тікелей эфирде сөйлесуге мүмкіндік туып тұр. Әйтеке би кентінен студиямен байланысқа қосылуға әзір деп режиссеріміз белгі берді. Нұрболат, қайырлы кеш! Үздік нәтиже құтты болсын! Өзіңіз туралы айтсаңыз. Жалпы ҰБТ қиын болды ма?