Қытай төрағасының елімізге жасаған мемлекеттік сапары қос елдің қатынасын жаңа деңгейге көтереді дейді сарапшылар. Жалпы Си Цзиньпин қазақ жеріне соңғы екі жылда екінші рет келіп отыр. Пандемиядан кейін де алғашқы халықаралық сапарын Қазақстаннан бастаған еді. Бұл жолы елімізде мемлекеттік сапармен үш күнге аялдайды. Қос елдің дипломатиялық қарым-қатынасы қандай? Тілші тарқатсын.

Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 32 жыл. Осы аралықта байланыс іркілген емес. Сан салада жанданып келеді. Тіпті қос ел бір-бірінің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріне айналып, достық негіздегі әріптестік орнатқан.