Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Наумова Талсуаттағы арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында болды. Кездесу барысында тұрғындар өз мәселелерін айтып, базынасын жеткізді.

Арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсететін балаларға арналған оңалту орталығы 130 орынға арналған. Мұнда медициналық, педагогикалық, құқықтықсынды бірнеше бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі.

ДАРИҒА ӨТЕГЕНОВА – АРНАУЛЫ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Бізде енді балалар әртүрлі аномалиямен туылады. Бізде енді Қызылорда облысы экологиялық аймақ болғандықтан біздің орталықта қызмет алып жатқан статционар жағдайында балалар көп. Солардың аяқ-қолдарын түзету бойынша, біршама оталар терең медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің құрамына кірмей тұр. Біз соны ақылы түрде жасауға мәжбүрміз. Мысалы бір баланың өзіне, бір отаның бір аяғына немесе бір қолына ота жасау үшін 200-300мыңдай кетеді. Осы оталырдың тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша жасалуға ұсыныс айтылды».

Мұнан соң мәжіліс депутаты облыстық балалар оңалту орталығында болды. Орталықта терапия, логопедия, дефектология, балаларды оңалту, және нейрооңалту бөлімдері бар. Оңалту орталығы 50 балаға қызмет көрсетеді.

ЖАНАР ИБРАИМОВА – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Жалпы орталықта барлық жағдай жасалған. Бізде әр жылдың аяғында білім басқармасы тарапынан қаржы бөлініп, біз өзіміздің қажетті жабдықтарымызды алып отырмыз. Динара ханымға орталықтың тынысмен таныстырдық, ол кісі өзінің оң бағасын берді».

ДИНАРА НАУМОВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

 «Мен бүгін бірқатар оңалту орталықтарын көріп жатырмын. Бұл жерлерде орталық қызметкерлерінің арқасын үлкен-үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен әр орталықтың өз нюансы бар екенін естен шығармау керек. Бұл жердегі мәселелерді мен түртіп алдым және әрине мен оны мәжіліске жеткіземін. Бұл мәселелерді мен өзімнің бағдарлама қосамын. Бұның барлығы мүгедек жандардың өмірін жақсартуға бағытталған жұмыстар».

Мәжіліс депутаты мұнан соң «Тең қоғам» орталығына аялдады. Мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай, жайлы орта құру мақсатында құрылған орталық күніне 30-40 адамды қабылдап, тегін қызмет көрсетеді. Дегенмен мұндағы жандардың да мәселелері баршылық.

«Гемодиализ деген мынау қазір частный компания болып кеткен. Адам саны көп, компанияға қазір 4 сменге баруға мәжбүр адамдар. Адам түнгі сағат 10-нан ьастап ұйықтамай ма. Ал ол барып ем қабылдауға мәжбүр. Себебі орын жоқ клиникада басқа. Именно осы Қызылорда облысында 2-ақ компания жұмыс істеп тұрған».

«Біздің мына коляскамыздың уақыты 7 жылға беріледі. Енді қарап тұрсаңыз бұл жеті жылға жарамайды. Бір жылға да жарамайды, сынып қалады. Соның срогын азайту 3 жылға дейін. Осы мәселе, және осы гемодиализ мәселесін былтырдан бері айналысып жүрміз. Бұл біздің жанайқаймызды сенаторларға жеткізуіміз керек шығар. Керек болса біз барайық сол жерге».

Тұрғындарды мұқият тыңдаған мәжілісмен алдағы уақытта бұл мәселелерді Парламент қабырғасында көтеріп, шешімін табуға жұмыс жасайтынын айтты.