Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов өңірге жұмыс сапарымен келді. Жаңақорған, Шиелі аудандарына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен кәсібін бастаған тұрғындардың жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов Жаңақорған ауданындағы жиһаз және пластикалық терезе мен есік өндіретін кәсіпкерлердің жұмысын көріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған жылыжай кешенінің өнімділігін бағамдады. Ал Шиелі ауданында Премьер-министрдің кеңесшісінің назарына құс шаруашылығы мен құрылысқа қажетті шлакоблок өндіретін цех таныстырылды. Екі өндіріс орны да «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несие алған. Ералы Тоғжанов өңірдегі жұмыстарды оң бағалап, жобаны жалғастыруды және үздік тәжірибелерді енгізуден қорықпауға шақырды.