Малдың терісі мен жүнін өткізгендерге субсидия беріледі. Бұдан бөлек, осы өнімдерді дайындайтын орталықтар құрылады. Ауылшаруышылық министрлігі елімізде өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында осындай кешенді жоспар әзірлеген. Құжатты Үкімет бекітсе, шаруалар үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашылады?

/Мал терісін қайтадан өңдейтін болды деп осы жобаға 2,2 млрд ақша салынған болатын. Осы зауыт қазір жұмыс жасап тұрған жоқ/.

/Әр бір ауданда халыққа да, шаруаларға да мүмкіндік құратын заманауи технологияларға сай терісі де дұрыс алынатын, оның жаңағы ішек-қарыны да дұрыс өңделетін мал сою бекеттерін құру керек//

/Қазақтың басына сан ғасыр пана болған киіз үйі бүгінгі таңда қытайдан әкетілген шүберекпен қапталған киіз үйлерге ауысып жатыр//

Иә, елімізде өңдеу саласы өркендер емес. Тіпті, тері мен жүнді өңдей алмай, шикізатты шірітіп жатырмыз. Ал, өңдейді деген зауаттар ашылмай жатып, жабылып қалатынына етіміз үйренгелі қашан. Бүгін бұл қордаланған мәселе Мәжілістегі Үкімет сағатында қаралды. Ауылшаруышылық министрі қайта өңдеу саласының ілгерілеуін іркілтіп тұрған алғашқы бес себебін атады.

Біріншіден, шикізат жетіспейді. Екіншіден, импорттың үлесі жоғары. Министр, осы тұрғыда қарапайым мысал келтірді. Қолдың сары майының келісі 3100 теңге болса, импорттың орташа бағасы одан екі арзан. Яни, біздегі өнім қымбат. Үшінші себеп, жеңілдетілген қаржыландырудың және айналымдағы қаржының болмауы. Төртіншіден, техникалық жабдықтар тозған. Жаңашылдық жоқ. Соңғысы, теріні өңдеуде шикізаттың сапасы төмен.

АЙДАРБЕК САПАРОВ - ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ «Кешенді жоспарда жүн мен теріні өңдеуді дамытуға ерекше орын бөлінген. Өз кезегінде отандық өңдеу кәсіпорындарын ынталандыру үшін тері мен жүнді өңдеуге тапсырған кезде фермерлерді субсидиялау жоспарлануда. Өнеркәсіптік көлемді қалыптастыру мақсатында елдің барлық өңірлерінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүні бойынша дайындаушы орталықтарды құру жоспарлануда. Бұрынғы заводконторалар».

Қытайға теріні экспорттау да қолға алынбақ. Қайта өңдеу саласын дамытуда ет, сүт, тері, жүн өмідерін толықтай қамту жоспарланған.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту үшін Сыртқы істер министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық тауар өндірушілерге дайын өнімді өткізудің экспорттық арналарын іздеуге және кеңейтуге жәрдемдесу жөніндегі Жобалау офисін ұйымдастыру ұсынылады».