Аймақта жыл басынан бері 191 өрт оқиғасы тіркелген. Оқыс оқиғадан бес тұрғын әртүрлі дене жарақатын алса, төрт адам қаза тапты. Қайғылы жағдай қайталанбас үшін төтеншеліктер үй-үйді аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Мамандар оқыс оқиғалардың жиілеуін ең бірінші тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін елей бермейтінімімен байланыстырады.

АРМАН ДӘСТЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Өрт оқиғаларын талдау барысында тұрғын үй секторларында 106 өрт, автокөліктерде 47 өрт, орман қорында 10 өрт, обектілерде 27, басқада орындарда 1 өрт.