Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айында қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қазір жалпыұлттық сипатқа ие. Ендігі кезек қалалықтарға қолайлы орта жасауға ерекше көңіл бөлу. Осы орайда Қызылордада қараусыз қалған саябақтар мен гүлзарлар абаттандырылып, құлазып тұрған демалыс орындарының екінші тынысы ашылмақ. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев табиғатты аялауға бағытталған іс-шаралар аясында көпшілік тынығатын орындарды қайта жаңғыртуды тапсырды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Орталық демалыс паркі көпшілік шоғырланатын орындардың бірі. Әсіресе жаз айларында мұнда ығы-жығы халық. Ойын алаңдары, аттракциондар уақытты белсенді өткізуге мүмкіндік береді. Тамақтану орындары, түрлі ақылы ойындар, тәтті сусын, балмұздақ аппараттары кәсіпкерлердің саудасын қыздыруда.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ «Мынау орталық паркіміз өкінішке орай базар болып кеткен. Шашлык сатады ала түтін қылып. Кеше біз облыс әкімімен бірге араладық без пресса, өзіміз. Қазіргі жағдайды көрдік. Енді мынау қазір парктің бір бөлігі қазіргі таңда мемлекетте 17 жылы қайтарылған. Екінші бөлігі жеке кәсіпкерлердің иелігінде. Енді осы халықтың демалатын орнын ретке келтіруіміз керек».

Қала әкімі қайта жаңғыртудан өткен Орталық алаң да бейберекет сауда орнына айналып бара жатқанын тілге тиек етті.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ «Орталық алаңды аштық. Шынын айту керек, қазір біз орталық алаңда рейд жасап күнде полициямен тұрмыз. Ол демалыс орны. Ол сауда-саттықпен айналысатын жер емес. Иә, халыққа сусыны бар, басқасы бар мәдениетті демалатындай орын болу керек. Ал бізде кәзір самокатын алып келеді. шарик бар, басқасы бар рұқсатсыз жағдайлар орын алады. Мына орталық парк сондай болып кетті, енді мынау орталық алаң да мәдениетсіздің болмасын алдын ала шаралар қарастырып жатырмыз».

Сондай-ақ аймақ басшысының тапсырмасымен демалыс паркін қайта жаңғырту қолға алынбақ.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ «Архитекторлармен проект жасатып жатырмыз. Сонымен қатар Астанадан келген проекторлерге ұсыныс жасадық. Осы екі жобаны қарастырып, тиімдісін алып, бір жобаға тоқтамға келеміз. Соған облыс әкімдігі қаржы береді. 1-сентябрьден бастап, реконструкцияға жабамыз. Әрі қарай ретке келтіретін боламыз».

Шаһарымыздағы көрікті жердің бірі – Батырхан Шөкенов саябағы. Бұл жерге көпшілік аптап ыстықта сая іздеп келетіні белгілі. Алайда биыл аяқ судың аздығынан, мұндағы жасыл желек күтімсіз қалған. Көпшілік шоғырланатын жерге биоәжетхана сұранып-ақ тұр.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ

//Тек бұл жерде емес жалпы демалатын жерлерге әжетхана тапсырыс бердік. Мына набережная жақта, президенский паркке де. Соған бізде қазір контейнелер жасайды. Олар 8-10 млн-ға дейін кетіп қалад. Енді біз шамалы арзанырақ, 3-4 млн шамасында қарастырып жатырмыз. Бұл жұмыстарды қарап жатырмыз».

Ал жаз шыққанда Тұңғыш Президент саябағы отбасылық демалыс орнына айналады. Жасыл желекке оранған паркте тынығушылар саны күн санап артып келеді. Өкініштісі, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен табиғатын қорғауда әлі де бейқамдық бар. Осы олқылықтарды ескерген қала әкімі саябақ көлемін кеңейту, ішкі тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелерін жолға қоюды алға тартты.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ

«Президент саябағына байланысты қазір қолға алып жатқан жұмыстар: өздеріңіз білесіздер мына аэропортқа баратын жол 4 жолақты болып үлкейтіліп жатыр. сол себепті прктің кіре берісін ішіне қарай жылжытамыз. Кіреберісті ауыстырып, қазір енді үшбұрыш болып тұр, соны дөңгелек етіп жасаймыз. Болашақта орталық кіре беріс осы арканың тұсында болады. Сосын стоянканы көбейтетін боламыз Бұл жерде демалыс паркі бар, ар жағында рәміздер алаңы. Барлығын қосқанда алаңның көлемі 64 гектар. Жер жеткілікті, қазір соның жартысында жасыл желек өсіп тұр. Біздің енді мақсатымыз осы жерді бұдан да әрі қарай дамытып, көркейту».

«Қорқыт Ата» сквері де қайта жаңғыртудан өтеді. 3 гектар жерді алып жатқан аумаққа жаңадан тастөсеніштер төселіп, жолжиек тастар орнатылмақшы. Жалпы айта кету керек, қалада 20-ға жуық демалыс орны бар екен. Шаһар басшысы бұл нысандардың барлығы биылдан қалмай жөндеуден өтіп, келесі көктемде тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналатындығын жеткізді.