Қызылордаға қонаққа келіп, лифтіде қалып қалып қойған! Абырой болғанда құтқарушлар дер кезінде көмекке келіп, қарт кісілерді қауіпсіз жерге алып шықты.

Белгілі болғандай, жетісайлық тұрғындар Қызылорда қаласына қонаққа келген екен. Сөйтіп, көпқабатты үйдің жедел сатысына жеті адам мінген. Ауыр салмақты көтере алмаған лифт істен шығады. Мамандар арнайы құрал-сайманның көмегімен есікті ашып, қарт кісілерге көмек көрсетті. Қала қонақтары әбжіл әрекет еткен қызылордалық құтқарушыларға алғысын білдірді.