Егістікке су беру кезеңінде тіршілік нәрінен тапшылық болмайды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Әпетов осылай деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шардара су қоймасында 3,4 млрд.шаршы метр су бар. Өзеннің төменгі ағысына секундына 650 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 150 текше метрге артық. Сондықтан вегетациялық кезеңде су тапшылығы болмауы тиіс дейді мамандар.

Айта кетейік, биыл белгіленген лимитке сәйкес 191,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның 83 мың гектарына Сыр салысы егілген. Суды үнемдеу мақсатында биыл егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,9 мың гектарға, оның ішінде күріш 6 мың гектарға азайтылған. Оның орнына суды аз қажет ететін мал азығы мен майлы дақылдар, картоп, көкөністердің көлемі артқан. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындарға бақшалық жер телімдері берілді.

ЕРСҰЛТАН ӘПЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

// Бүгінгі күні 2 225 отбасы дайындалған 1615 гектарға егін екті, оның ішінде 192 гектарға картоп, 410 гектарға көкөніс, 631 гектарға бақша дақылдары орналастырылды. Суды үнемдеу технологияларын қазір соған басымдық беріп жатырмыз. Қазіргі таңда 4 200 гектарға суды үнемдеу технологияларын пайдаланып отырмыз. Яғни Арал ауданында 800 гектарға тамшылатып суару арқылы егуде. Және Қазалы ауданында Ырза шаруа қожалығы жоңышқа егуде. Және Шиеліде 800 гектар дән жүгерісі егілуде. Осы тамшылатып суару арқылы.