Облыс орталығында «Қауіпсіз аула» жобасы аясында 10 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына 50 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Әзірге жана қондырғылар пилоттық негізде жұмыс істеп тұр. Жаңа жобаның мақсаты - ауладағы қоқыс жәшігінің уақытылы тазалануын, айналаның ластанбауын және қоғам тыныштынығын бақылау.

Бұл жұмыстарды 109 бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлері жүзеге асырады. Яғни, ауладағы бейнебақылау арқылы жағдайды жіті бақылап, қандайда бір құқық бұзушлықты байқаса, дереу тиісті органдарға хабарлайды. Мамандар бір аптаның өзінде бейнебақылау арқылы 100-ге жуық келеңсіздікті анықтаған. Оның ішінде 8-і әкімшілік құқық бұзушылық дерегі. Жалпы жаңа жоба 1-ші қыркүйектен бастап толық іске қосылмақ. Сонымен қатар, 109 бірыңғай байланыс орталығы жыл соңына дейін «Жасанды интеллект» жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

РУСЛАН БҮРКІТБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ «ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ // Оның ішінде бір бағыты робот уайс дейді, яғни тұрғындар хабарласқан кезде кезекте тұрып қалмайды, қоңырауда. Телеграм бот, қысқа номері және әлеуметтік желі арқылы көп жолақты болып қабылдай алады. Робот уайс арқылы Қазақстан бойынша Қызылорда өңірі бірінші еңгізуді жоспарлауда.