Бүгін полиция қызметкерлері гарнизондық жиын өткізді. Республика күніне арналған іс-шарада қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтауда мінсіз қызметімен көзге түскен сақшыларға құрмет көрсетілді.

Тәртіп сақшыларының киімі, қызметтік куәлігі, айырым белгілері үнемі талапқа сай болуы қажет. Гарнизондық жиында Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов алдымен осы мәселені пысықтады. Сосын автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жәй-күйін тексерді.

ОРАЛБЕК ОМАРОВ - ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«ОПД барлық Қызылорда гарнизоны бойынша жеке құрамын бүгін салтанатты сапқа тұрғызып, мемлекеттік гимн орындалып, ту көтерілді. Мереке қарсаңында ПД 23 қызметкері министрміздің құзырымен марапатталды. 160-қа жуық қызметкер ПД бастығының алғысына ие болды. Барлық қазақстандықтарға тек амандық тілеймін. Әр отбасыға береке-бірлік тілеймін. Республика күні құтты болсын».

Жиын барысында 9 жас қызметкер ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамның алдында ант қабылдады.

АСЛАН ДУМАНҰЛЫ - ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ «Ішкі істер органдары қызметіне кіре отырып, ант қабылдадым. Мен осы полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл мамандық үшін ерекше мінез-құлық, мейірімділік, ұқыптылық болу керек. Сондай-ақ қаталдық және тез шешім қабылдай алу үлкен жауакершілік сезімі болу керек. Мен арманым орындалғаны үшін өте қуаныштымын».

Салтанатты шарада қызметінде ерекшеленген полицейге Алғыс хат табысталды. Сонымен қатар «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен қалалық Полиция басқармасының аға инспекторы Асхат Жансейітов және ІІМ Грамотасымен Ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары Сырым Досанов марапатталды. Ал үш қызметкерге мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнаулы атағы берілді.

САЛАМАТ ЖҮСІПБЕКОВ - ҚПБ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АҒА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ «барша қазақстандықтарды халқымыз үшін ең құрметті меркемен шын жүректен құттықтаймын. Мен үшін бүгінгі күн ерекше. Себебі подполковник атағын мерзімінен бұрын алғаныш ерекше қуаныш. Және бұл марапат адал еңбектің тікелей расталуы болып табылады».

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері оркестр сүйемелдеуімен салтанатты маршпен жүріп өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісіп кетті.