Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жанынан ашылған ботаникалық бақты көгалдандырып, оған түрлі жеміс және сәндік екпе ағаштарын көптеп отырғызуға ерекше ден қойылып келеді. Әсіресе, мамандар топырағы құнарлы және климатқа төзімді көшеттерді егуге басымды беріп отыр. Осыған сәйкес, университет ғалымдары жаңадан егілген ағаштарды жерсіндіру мақсатында өзге өңірдің мамандарымен тәжірибе алмасты.
Ботаникалық бақ биыл толықтай қайта жаңғыртудан өтті. Тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы болу үшін тас төсеніштер төселіп, шатыр орнатиылды. Сондай-ақ, жаңадан егілген көшеттерді тамшылатып суару үшін топырақ үстімен және астымен арнайы құбыр жүргізілген. Қазір мұнда екі мыңнан аса ағаш түрлері бар. Мамандар климатқа төзімді әрі топырағы құнарлы ағаштарды жерсіндіріп жатыр.
САМАЛБЕК ҚОСАНОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ЖӘНЕ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Қазіргі таңда өңірде өсіріліп жатқан алма және өрік ағаштары болсын оның барлығына жаңалау жұмыстары жүргізілмегендіктен олардың барлығы тозып, көлемі кішірейіп, сапасы нашарлап бара жатыр. Дәмділік қасиеттерін жоғалтуда. Сондықтан жаңарту мақсатында сырттан жеміс ағаштарын әкеліп, жерсіндіріп, келешекте сапалы өнім алуға жұмыс істеуімізге мақсат етіп жатырмыз.Бұл бүгін жасалып жатқан жұмыс емес. Бұның алдында да мұндай жұмыстары жасалып келеді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысынан татар және емен ағаштарын әкеліп егіп жатырмыз. Қазір жамае емес жақсы.//
Университет ғалымдары Петропавл қаласындағы «Кондрат тәжірибе көрсететін орман питомнигі» мен «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» Сарыағаш аймақтық филиалының мамандарымен тәжірибе алмасты.
Алдағы уақытта аталған өңірлерден алма ағашының үш сорты және сәндік екпе ағаштарының 100-ге жуық түрін әкеліп, жерсіндіру жоспарланып отыр.