Республика күні қарсаңында Шиеліде қытайлық инвесторлардың қатысуымен күн және жел электрстанцияларының құрылысы басталды. Қос нысан 2025 жылдың аяғында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жаңа жобамен облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов танысты.

Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі өз құнын толық ақтайтын тиімді қондырғы. Ал артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатынында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Жасыл энергия көзі Шиелінің Еңбекші ауылында іске қосылмақ.

ДАН НИН - «ТЕСИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

«Біз осы жоба күн электрстанциясы осы жылдан басталып, келісі жылы мамыр айында бітеді. Жалпы 9 ай деп жоспарланған. 33.3 мегаваттық. Жалпы инвестициялық құны 25 млн доллар. Бұл «Жасыл энергия-2025» жобасының яасында, екіншіден Ұлы жібек жолы, бір белдеу, бір жол бағдарламасын негіз ете отырып, осы жолдың бойына салынбақшы. Егер бұл жоба іскке қосылатын болса, бір жылда 72 мың мегавайт электр жарығын бере алады».

Бүгінгі таңда облыс аумағында 9 күн электр станциясы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде үшеуі ірі шетелдік инвесторлардың көмегімен іске асырылған.

АРДАҚ ЗЕБЕШОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«бізде облыс орталығында энергия сласына қатысты бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі облыс орталығында Түрік инвесторлардың қатысуымен «Акция энерджи» компаниясы да өзінің жобасын іске асырып жатыр. Тағы да бізде катарлық инвесторлармен бірлесіп 2029 жылға дейін құны 1,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын қуаттылығы 1100 мгвт газ қондырғысын салу туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ жел электр станциясы, 9 жобамыз күн энергиясы болса, мына хуаденьмен оныншы станция болады. Ал жел электр станция біздегі ең бірінші станция. Сондықан тәжірибелі Қытай компанияларыа осы жоболарды іске асыру барысында сәттілік, табыс тілейміз».

Баламалы көздерден электр қуатын өндіретін жел электр станциясы да Еңбекші ауылында салынады.

ЛИ ЧЕНЬ СУН - «ХУА ДЯНЬ ХАЙ ТОУ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /«мен өзім мақтанышпен айта аламын, осы жоба Сырдарияның бойында орналасқан үлкен жобалардың бірі болып есетеледі. Сонымен қоса бұльжоба аймақтың эконмикалық дамуына да өз үлесін қосады деп сенеміз. Жұмыс барысында сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін бар күшімізді саламыз».

Жел электр стансасы толық іске қосылғанда ауаға зиянды газдардың бөлінуі бірнеше есеге азаяды дейді мамандар. Станцияның өзі мыңдаған отбасының электр қуатына деген қажетін өтеп, оны өндіруге жұмсалатын шығынды бірнеше еселеп азайтуға мүмкіндік береді. Ал, құрылыс барысында 200-ге дейін жұмыс орны ашылып, жел электр станциясы пайдалануға берілгеннен кейін де оған қызмет көрсету үшін 20 тұрақты жұмыс орны сақталады деп күтілуде. Ал жергілікті мамандардың біліктілігін шетелде көтеру көзделіп отыр.