Ата-ана – бала тәрбиесінің алғашқы іргетасы. Қазіргі қоғамдағы толассыз ақпараттық ағын ата-ана жауапкершілігін одан сайын арттыра түсуде. Осы мақсатта өңірлік коммуникация қызметінің жанынан құрылған сарапшылар тобымен ата-ана жауапкершілігі турасында брифинг өтті.
Жиын барысында балалар арасындағы буллинг, интернеттегі қауіпті ақпараттар секілді мәселелер кеңінен талқыланды. Ата-ана баласына тек моральдық құндылықтарды үйретіп қана қоймай, оны қоғамның бір мүшесі ретінде тәрбиелеп, оның физикалық, эмоционалдық және психологиялық дамуына ықпал етуі тиіс екені айтылды.
ӘЛІБЕК ЖАППАСБАЕВ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР
// Баламыз бізге қарап бой түзейтінінде жақсы білеміз. Біз өзіміз іс-әрекетіміз кейде әңгімеміз салиқалы болып, бірақ іс-әрекеттеріміз оған сай болмайтын болса, онда баламызға да сондай психотипті беріп тұрмыз. Қоғамның жауапкершілік мәселесіне келгенде. Біз «кім жауапты?» дегенге қарағанда, «кім кінәлі?» деген сұраққа ауысып кетіп жатырмыз. Жауапкершілікті мектепке ысырып, білім беру ұйымдары керісінше, ата-аналарға ысырып ортада осылай проблемалар шешілмей қалып жатыр.