Астанада 5 күннен соң түркі әлемі көз тіккен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады. Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымыз қазір елордада соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Көкпардан ұлттық құрама бас бапкері намысты қолдан бермейміз дейді. Сайысқа көршілес Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Қытай және Моңғолия, Венгрия, АҚШ, Ресейден көкпаршылар келеді. Ал көкпар мен көкбөріден байрақты бәсеке Қазанат ипподромында 9-12 қыркүйек күндері өтеді.

АҚЫЛБАЙ МАНКЕЕВ, КӨКПАРДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

// Дайындық барысы ойдағыдай. Ешқандай қиындық жоқ. Аттарымыздың да, балаларымыздыңда жағдайы жоғары деңгейде жасалған деп айта алам. Екі команда ғой бізде. Әр қайсында 12 спортшы болады. Асық, садақ ату бәрі кейін қосылып жатыр. Ал бұрыннан біздің төл спортымыз болғаннан кейін деңгейі өте жоғары деп ойлаймын. Жауапкершілікте жоғары болып тұр. Құдай қаласа, елді барынша қуантамыз.//