Қазақстанда кәсіп бастайтындарға мүмкіндік мол
#qyzylordatv
Кәсіптің қадірі – табыспен ғана емес, өзгеге ашқан мүмкіндігімен де өлшенеді. 2017 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Нұрбол Еребаев осы ұстанымды ісімен дәлелдеп жүр.
Алғашында шағын өндіріс ошағы болған кәсіпорын бүгінде Қазақстанның барлық өңіріне және Орталық Азия елдеріне трансформатор жеткізеді. Өндіріс көлемі ұлғайып, 150-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер үшін бұл бизнестің ауқымын кеңейтумен қатар, ел экономикасына үлес қосып, талай отбасының тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін іс. Өйткені әрбір ашылған жұмыс орны бір адамның ғана емес, тұтас бір отбасының ертеңіне деген сенім.
НҰРБОЛ ЕРЕБАЕВ – КӘСІПКЕР
Өндіріс бұл кәсіпкерге үлкен жауапкершілік. Қол астымызда істейтін мамандарымыз бар. Бір адамды жұмысқөа алатын болсақ та 10 рет ойланамыз. Ертеңгі күні ол адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз ба? Ол адамның кішкене болсын өмірін жақсы жаққа өзгертугне үлесімізді қоса аламыз ба деп қатты ойланамыз. Кәсіпті ашыпа жұмыс істеп жатқанымыз мемлекетімізге, елімізге деген кішігірім болын экономиткасын жақсартуға қосқан үлесіміз деп ойлаймыз.
Қазақстанда кәсіп ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар аз емес. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде 2 миллионнан астам адам өз бетінше еңбек етеді. Бұл – жұмыспен қамтылғандардың шамамен төрттен бірі. Ал жалпы жұмыс істейтіндер саны бір жылда 73 мыңнан астам адамға артқан. Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар еңбек нарығындағы өсімге де үлес қосып отыр.