Негізгі Жаңалықтар Жеңіс жолында

Жеңіс жолында

#qyzylordatv 

Спорт әлемінен ақпар. Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өтіп жатқан гандболдан Азия чемпионатының алғашқы турында Аустралияны 37:18 есебімен жеңді. Отандық спортшылар ойын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қолдарына алды. Бірінші таймды қыздарымыз 18:8 есебімен аяқтаса,үзілістен кейін де қарқынын бәсеңдетпей, қарсыласынан 19 гол айырмасымен басым түсті. Ұлттық құраманың келесі қарсыласы – Үндістан. Кездесу 24 қарашаға жоспарланған.


 Ал, аралдық спортшылар жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 84 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен аудан спортшысы Әбіл Еламан қарсыластарынан басым түсіп, Чемпионы атанды. Ал 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбжамиев Ернұр жарыстың қола жүлдегері атанып, ІІІ орынға тұрақтады.

Бөлісу