Сыр сақшысы ел біріншілігінде чемпион атанды
#qyzylordatv
Спорттан ақжолтай ақпар. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Сыр сақшысы Еңбек Сақтағанов алтын медаль иеленді.
Ел біріншілігіне еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 500-ден астам балуан қатысуда. Ерлер мен әйелдер 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр. Тартысты турнирде 90 келі салмақта белдескен Қызылорда облыстық полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша, Еңбек Сақтағанов екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Сыр өңірінің абыройын асқақтатқан тәртіп сақшысын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!