Негізгі Жаңалықтар Р.Байназарованың жеке тектік құжаттары архив қорына табысталды

Р.Байназарованың жеке тектік құжаттары архив қорына табысталды

#qyzylordatv 

Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы, «Парасат» орденінің иегері Райкүл Байназарова өзінің жеке тектік құжаттарын архив қорына өткізді. Құжатта білім саласы ардагерінің өмір жолы, облыстық мәслихат депутаты болған уақыттағы баяндамалары мен жазбалары және қоғамдық қызметіне қатысты естелік фотосуреттері топтастырылған. 


 Райкүл Мансұрқызы алғаш еңбек жолын 1983 жылы ағарту, жоғарғы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы, кейін төрағасы, сонымен қатар облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы, облыс әкімінің үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымына депутат болып сайланып, өңірдің әлеуметтік мәселелеріне, білім беру сапасын арттыруға және еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға белсенді атсалысты. Ал, 2020 жылы облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы болып тағайындалып, осы уақытқа өңірдегі белсенді әйелдер қауымымен тығыз байланыс орнатып келеді.

Танымдық жиында облыстық мемлекеттік архив басшысы еңбек ардагерінің жеке тектік құжаттары болашақ зерттеушілер мен өлкетанушыларға құнды мәлімет болатынын атап өтіп, көпжылдық еңбегі мен қоғамдық қызметін жоғары бағалады.

Бөлісу