Негізгі Жаңалықтар Еңбек ұлықталған кеш

Еңбек ұлықталған кеш

#qyzylordatv 

Аймаққа белгілі еңбек ардагері кәсіптік білім беру ісінің үздігі Иса Жетербаев мерейлі 80 жасқа толды. Осыған орай облыс орталығында «Дара жол – өнегелі өмір» атты танымдық ұйымдастырылып, ұлағатты ұстаздың білім саласына сіңірген еңбегі дәріптелді.  


 Иса Тілеубайұлы Ленинград технологиялық институтының түлегі. Еңбек жолын 1962 жылы Қызылорда целлюлоза-картон комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастаған. Мұнан соң түбегейлі кәсіптік білім беру ісіне ойысып, өскелең ұрпақты саналы білімге сусындатты. Ал, 1984 жылдан бастап өңірдегі бірнеше оқу орнын басқарып, іскерлігімен дараланды.


 ӘЛИМА ӘБДІХАЛЫҚОВА – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 

 Ең алдымен айта кетерлігі, бұл кісі Ленинградтағы ең беделді оқу ошағында білім алды. Меніңше, сол жерде игерген кәсіби дағдысы өмір бойы жанына серік болған сыңайлы. Күні кешеге дейін сол өзі білім алған оқу ошағымен байланыс үзбей, жаңа заманғы білім беру үдерісін өзі басқарған білім ордасына енгізіп отырды. Бұл өскелең ұрпақты кәсіби шыңдау жолындағы адалодық үлгісі


 Иса Тілеубайұлы 1997 жылы жеке колледж ашып, кәсіби білім беруді жаңа нарық талаптарына сай жалғастырды. Өзі басқарған оқу орны 2000 жылы облыстың таңдаулы кәсіптік мектебі атанды. Сала майталманы халықаралық әріптестік аясында 200-ден астам жастың Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуына жол ашқан. Сондай-ақ, шәкірттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға ерекше мән берді. Мерейлі 80 жасқа жеткен еңбек ардагері бүгінде соның бәрін тебіреніспен еске алды.


ИСА ЖЕТЕРБАЕВ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ  

Адам жасы ұлғайған сайын өткен өміріне жиірек үңіліп, неге қол жеткізгенін, не істегенін және артында қандай із қалдырғанын ой елегінен өткізеді. Меніңше, өзгелердің құрметіне тек қажырлы еңбек арқылы ғана ие болуға болады


 Мерейтойлық кеште замандастары Иса Тілеубайұлы еңбексүйгіштігі мен адамгершілік қырына тоқталып, білім саласына қосқан үлесін кеңінен баяндады. Мұнан соң, жергілікті әкімдік тарапынан құрмет көрсетіліп,облыстың құрметті ардагері төсбелгісі табысталды.  


 Келелі кеш концерттік бағдарламаға ұласып, өңір өнерпаздары мерейтой иесіне ерекше құрмет көрсетті. 

Бөлісу