Негізгі Жаңалықтар Үлгілі жүргізушілер марапатталды

Үлгілі жүргізушілер марапатталды

#qyzylordatv 

Облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Үлгілі жүргізуші – 2026» республикалық акциясы аясында іс-шара өтті. Шара барысында жолда тәртіп сақтап, өзгелерге үлгі болып жүрген бірқатар жүргізуші марапатталды.


«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Шараға М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысып, жол қауіпсіздігіне арналған шараның куәсі болды. Жиында марапат иеленгендердің бірі – он жылдан астам уақыт бойы Такси қызметінде жүргізуші болып еңбек етіп келе жатқан Ақмарал Ізбасарова. Ол жүргізуші куәлігін 2005 жылы алған. Осы уақытқа дейін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмаған. 

Бөлісу