Жаңақорғанда қоқыс жинаудан экомарафон өтті. Аудан жастары «Жашыкөл» көлі мен орталық базар аралығын түгел тазартып, «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты.
Аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкерлері, Жаңақорған жастары мен белсенді тұрғындар түрлі тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты арнайы қаптарға жинады.
Айта кетейік, экоакция басталғалы ауданда 450 тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 25 мың адам қатысқан. Ресми мәліметке сүйенсек, 15 мың тал шыбығы отырғызылып, 11 тарихи-мəдени ескерткіштер аумағы тазартылыпты. Сондай-ақ 76 саябақ жəне скверлер ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 13 мыңнан аса жеке тұрғын үйлердің жəне 512 əлеуметтік, кəсіпкерлік нысандардың айналасы тазаланып, нəтижесінде 741 тонна қоқыс шығарылған.