Бала асырап алғандарға мемлекет ай сайын ақша төлейді. Ол үшін жетім қалған ұл-қыздарды өз қамқорлығына алатын арнайы ата-аналар даярланбақ.

 Мәжілісте түзетулер мен өзгерістер енгізілген заң жобасы талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сай әке-шеше қамқорлығынсыз қалған балаларды сәбилер не балалары үйіне емес, арнайы даярлықтан өткен ата-аналарға тапсыру көзделіп отыр. Олар баланы 6 ай асырап, тәрбие беруге міндетті.

 АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Заң ұсынылып отырғаны мемлекеттік мекемеге емес, 300-400 бала шулап отырған біреу кетіп, біреу келіп отырған мекемеге емес, 4 баладан аспайтын, арнайы дайындалған, отбасылық жағдайға отбасыға 6 айға ғана мүмкіндік беру. Осы уақыт аралығында бұл отбасы сол балалардың туған отбасын тауып алуы керек егер болса. Егер әке-шешесі болмаса туыстарын тауып алып, туыстарына беруі керек. Егер туыстары болмаса басқа асырып алуға беруі керек.