Соңғы 2 жылда Қызылорда облысы құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда келеді. Мәселен, биылдың өзінде 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Соның ішінде білім беру, денсаулық, мәдениет, спорт саласында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Ал, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 869,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек жыл соңына дейін әлеуметтік осал топтар үшін 1696, апатты үйлердің орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, барлық ауданда типтік үлгідегі «Руханият» орталығының, тоғыз дәрігерлік амбулатория мен екі фельдшерлік акушерлік пункттің, Сексеуіл кентіндегі аурухананың, Жаңақорған кентіндегі оқушылар үйінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілетін болады.