Облыстық соттың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігі мен «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі тренинг өткізді. Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының демократия қоры қолдау танытқан. Семинарға қатысушылар мемлекет пен азаматтық коғамның күш-жігерін нығайту Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бойынша «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбын талқылады.
Тренингтің мақсаты - кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету тұжырымдамасы, практикасы және тәсілдері бойынша білімді жетілдіру. Сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру. Тренингке облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, прокурорлар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен адвокаттар қатысты.
Басқосуда сарапшылар түрлі тақырыпта баяндама жасап, негізгі мәселелерге тоқталса, қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.