Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Енді қызылордалық аяқдопшылар еуропалық стандартқа сәйкес келетін жасыл алаңда доп тебеді.

 Қазақстан футбол федерациясы Президенттің бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес еліміздегі футбол алаңдарын жаңарту мақсатында «Алаң» бағдарламасын қолға алған болатын. Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы футбол алаңы осы жоба аясында жаңаша кейіпке еніп отыр.

 ӘДІЛЕТ БӘРМЕНҚҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ \Балаларға жағдай жасау біздің міндет. «Алаң» жобасы салумен бітпейді. Әрі қарай балаларға арналған додаларды өткіземіз. Біздің мақсатымыз осы алаңнан жас жұлдыздар шықса. Үш жылдың ішінде 20 алаң бітіруіміз керек. Жалғасы бар оның ауылдарда жетпіс алаң салуымыз керек.

Айта кетейік, бұл еліміз бойынша қайта жаңғыртудан өткен 14-і алаң. Жоба құны 188 млн теңге. Мамандардың сөзінше, футбол алаңына италиялық жасанды жасыл төсеніш төселген, еуропалық стандартқа сай келеді.

 ЖІГЕР АЙЕКЕШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРЗИМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\Қайсар футбол клубының орталығында 600-ге жуық бала доп тебеді. Балаларға жақсы жаттығу жасауға сонымен қатар халықаралық, республикалық турнирлерді өткізуге болады. Италиядағы Аталанта командасының жабындысы осындай болып табылады. ... \

 Жаңа алаңның ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов, команда капитаны Асхат Тағыберген және ардагер футболшы Самат Смақов пен белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қатысып, қызылордалық аяқдопшыларға сәттілік тіледі.

 Сыр футболының болашақ жұлдыздары енді жап-жаңа жасыл алаңда доп тебетін болады. Шара барысында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов пен Самат Смақов жас аяқдопшыларға шеберлік сағатын жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті.