Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейман ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі діни қызметкерлерімен жүздесіп, мемлекет басшысының жолдауынан туындаған міндеттерді талқылады.

 Дін – халық мә¬дениетінің рухани бөлшегі. Сондықтан оның қоғамда алатын орны ерекше. Бүгінде аймақта діни ахуал тұрақты. Облыс бойынша 189 мешітте 256 маман еңбек етуде. Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен 200 имам арнайы білім жетілдіру курсынан өткен болатын. Бұл бастама әлі де жалғасын таппақ. Жиында саладағы өзекті мәселелер ашық айтылып, мамандар түйіткілдің түйінін тарқатудың жолын ұсынды. Ал, Мәлік Нұржанұлы ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтауда имамдардың үлесі айрықша екенін жеткізіп, президент жолдауындағы маңызды міндеттерге тоқталды.

 МӘЛІК ОТАРБАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Президентіміз Қазақстан халқына жолдауында заң мен тәртіп, экономикалық өсім турасында қаншалықты экономикалық мәселелерді қозғағанымен ел президенті маңызды идеялогиялық бағыттағы негізгі қағидаттарды да тілге тиек етіп отыр. Біз әділ, адал қоғам құру, адал еңбек пен адал табысқа қол жеткізу деген ұстанымдарға қатты назар аударып, мән беріп отырмыз.