Келесі сюжетіміз «артық салмақ» туралы болмақ. Естеріңізге салсақ, осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларының сөмкесі тым ауыр екенін айтып, мәселені цифрландыру арқылы шешуді ұсынған-ды. Әзірге бұл мәселе басы ашық күйінде қалып отыр. Ал, қызылордалықтар сабақтан бұрын қазір оқулық толы сөмкенің айтарлықтай ауыр екенін айтып отыр. Тілшіміз Шакизат Жалғасқызы мәселеге үңіліп көрді.

 ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ – ТІЛШІ Бастауыш сынып оқушыларының теңселіп құлап кете жаздаған видеолары әлеуметтік желіде көп. Расында, сөмкенің ауырлығынан кейбір ата-ана баласының орнына рюкзакты өздері арқалап бара жатқанын жиі көреміз. Ересектердің өзі екі қолға кезек-кезек ауыстырып ұстайды.

  Остеопат Гүлнар Ағатаева бұл мәселеге бей-жай қарамау керек дейді. Өйткені шамадан тыс ауыр сөмке омыртқаның қисаюына әкелуі мүмкін. Медицина тілінде бұл дерт «сколиоз» деп аталады.

  ГҮЛНАР АҒАТАЕВА - ОСТЕОПАТ

 Мектеп оқитын балалардан келеді. Кифос, арқасында сколиоз, ата-аналар алып келеді, балалар арқалары қисайып, бастары алға кеткен дұрыс,түзу тұра алмайды. Біздің бел омыртқаға нагрузка екі жақтан тең түспегеннен, салмақ ауып кеткеннен сколиоз, арқа бел омыртқасы қисая бастайды. Балалар шаршаңқы болады,раздражительный болады, информацияны қабылдауы өте қиын болады. Балалардың сөмкесі стандартқа сай болу керек

  АРДАҚ КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ - ТЕРАПЕВТ

Ата-аналар барынша ертерек, бала сондай бір сигналдар бере бастағанда ең бірінші маманның көмегіне жүгіну керек. Оған дейін сколиозға әкелетін факторларды, оның себебін білмеймізғой біз, мүмкін баланың бұлшықеті әлсіз ба, соған жеткізбеу үшін массаждар түрлі, плаваниеге бару керек. Ата-аналар балаларын қадағалаған дұрыс деп ойлаймын.

Мектеп – балалардың зейінін ашумен қатар денсаулығына да жағдай жасайтын білім ұясы. «Ұлт болашағы – дені сау, білімді ұрпақ» екені әсте есімізден шықпауға тиіс. Осы орайда білім саласы мамандарының айтуынша, бала саулығы үшін мектеп сөмкелерінің стандарттық салмағы, өзіндік бекітілген нормалары бар.

 ҚАНАТ ӘБДІҚАДІРОВ - ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ Енді күн сайынғы оқу жиынының салмағы 1-3 сынып оқушылары үшін 1,5 - 2 кг, 4- 5 сынып білім алушылары үшін 2-2,5 кг, 6-7 сыныптың білім алушылары үшін 3- 3,5 кг-нан аспауы тиіс.

  Сонымен балалар үшін сабақ ауыр ма, әлде сөмкесі ауыр ма? Оқушылар арқалаған сөмкенің салмағы қанша келі болады екен, тексеріп көрейік.

 Көріп тұрмын, күнде сізден бөлекте ата-аналар баласының сөмкесін көтеріп алып келеді, алып кетеді.Ауыр ма сөмке?

 Иә, оқушыларға конечно ауырлау болады.Кітаптары көптеуғой енді

Бірінші сынып оқушысының сөмкесін өлшеп көрейікші, біз таразымен, қанша келі болады екен. Бірінші сынып оқушысының сөмкесі үш келіден асып тұр.

 Мына сөмкені жәй ғана таразыға өлшеймін деп ұстап тұрған менің қолыма айтарлықтай ауырлық түсіп тұр. Ал енді бұғанасы қатаймаған кішкентай бала үшін, аптасына оқу бес күн екенін ескерсек, күніне 5-6 оқулықты мектепке апару қаншалықты дұрыс. Оның үстіне оқушының дәптерлері, қосымша көмек құралдарын қосыңыз. Осындай жағдайлар балалардың шаршауына, қалыпты режимнен ауытқуына әсер етпейді ме?