Қыркүйек айының 21-22-сі күндері Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді. Алатау бөктеріндегі айшықты шараға Сыр өңірінен белгілі өнер ұжымдары мен ансамбльдер барып, алматылықтарға керемет кеш сыйламақ.
Қазір сапар алдындағы соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мерекелік концертке Қызылорда облысынан 200-ге жуық өнерпаз барады. 21 қыркүйек күні Республика сарайында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме қойылады. Көрмеде «Шірік-Рабат сақ жауынгерінің», «Сығанақ ханшайымының» және «Түгіскен көсемі» мен «Жетіасар ақсүйек әйелінің» реконструкциясы көпшілік назарына ұсынылатын болады. Алматылықтар сондай-ақ «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты өнер шеберлерінің Гала-концертін тамашалай алады. Ал, 22 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Кеште Сыр елінің жыршы, жыраулары мен күйшілері өнер көрсетеді.
МИРА ҚАЗБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Біз өнердің әр жанрын қамтимыз. Ол жерде халықтық сипаттағы, фольклорлық сипаттағы ән шашумен бірге дәстүрлі ән орындаушыларымыз халық әндерінен шеру болады. Әлемнің бес тілінде классикалық әндер шырқалады...\