Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Дәстүрлі түрде өткізілетін байқауға биыл 30-ға жуық қаламгер қатысқан.
Байқаудың мақсаты - этносаралық қатынастар тақырыбында қалам тербеп жүрген журналисттерді ынталандыру арқылы қоғамдық келісімді нығайту. Жеңімпаздарга алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жүлдегерлер қатарында арнамыздың Байқоңыр қаласындағы меншікті тілшісі, жалпыұлттық бірлікті насихаттауға үлес қосып жүрген жас қаламгер Гүлай Ашекова бар.
ГҮЛАЙ АШЕКОВА –QYZYLORDA ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ
Қазақстан халық ассамблеясының «Шаңырақ» байқауына биыл алғаш рет қатысып отырмын. Жалпы Байқоңыр қаласында жүргенде түрлі өзге ұлт өкілдерімен жұмыс істедік. Соның ішінде түрік,кәріс,орыс ұлт өкілдерімен, олардың біздің тілімізде сөйлегені, біздің салт-дәстүрімізді ұстанып, біздің үнімізде ән айтқаны әрине, көңілге қуаныш сыйлайды. Және сондай жандарды насихаттап қоғамда көрсетуіміз, біз үшін үлкен қуаныш.
ДӘУЛЕТ ОМАРОВ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әділқазылар алқасы облысымызға белгілі,беделді журналисттерден құралған. Солар жақсы шыққан материалдарды, бейнематериалдарды, журналисттік зерттеулерді зерттеп, солардың бүгін қорытынды жеңімпаздарды марапаттап отырмыз. Енді алдағы уақытта жас журналисттерді қолдау мақсатында журналисттердің үлкен байқауын өткізбекшіміз.