Қала іргесіндегі Қосшыңырау ауылында қарапайым еңбектің қазанында қайнап, бейнеттен бақытын тапқан жан тұрады. Есімі – Сабыртай Айпейісов. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Ауыл тұрғыны зейнетке шықса да шаруашылықтың барлық жұмысына атсалысады. Тіпті, қосалқы бөлшектерді құрастырып, ескі техниканы жарау аттай жаратып жүрген де өзі. Шеберден дәріс алып үлгерген тілшіміздің бейнематериалы.
Орта бойлы, терең ойлы, жастайынан техниканың тілін тапқан Сабыртай Айпейсовтің көп жылғы сенімді серігі шағын ғана мына трактор. Кейіпкеріміздің таңалакеуімнен басталатын тірлігі - ауыл көшелеріндегі қап-қап қоқысты техникасымен жинап шығу. Бұл іске оны ешкім мәжбүрлемейді. Жүрегінің қалауы. Өз үйінен бұрын, ауыл-аймағын таза ұстап, көркейту міндетім деп санайды.
САБЫРТАЙ АЙПЕЙІСОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ // ауыл мектебінде оқуды бітіріп, оқуға түсемін деп жүргенде ауылдың инженері балаларым бәрің оқуға кетесіңдер ме? Ауылға кім қарайды, техникаларды кім меңгереді деген соң сол уақыттан бастап тракторға отырып, осы техниканы меңгердім. Шаруашылықтарда айдадым, біраз қызмет еттік. Осы трактормен ауыл тұрғындары көмек сұраған уақытта еш қиналып қалмай, қолымнан келгенше көмектесуге әзір тұрамын. Отын десе отынын, шөп десе оны да. Осы ескі болса да жанымда серік болған трактормен нанымды тауып, отбасымды асырап отырмын.//
Кейіпкерімізді нағыз кеңпейіл еңбек адамы дерсің. Ол тракторына құятын жанар-жағармайдың шығынын да пұлдамайды. Еңбегіне ақы да сұрамайды. Күніне 4-5 сағат техниканы тізгіндеп, көптің игілігіне қызмет етеді.
«МТ-82» тракторын Сабыртай Айпейісов сексенінші жылдардың басында механик болып жүрген кезінде құрастырып алған. Жол талғамайтын техникасы бүгінгі күнге дейін иесін жолда қалдырған емес. Ауыл азаматы қыс мезгілінде де көшені қардан тазалап, қоғамдық жұмысқа да аянбай атсалысады.
АСҚАР ЖҮСІПОВ – ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Міне, ауыр техника тізгіндеудің қызығы да қиындығы осында. Еңбектің майданында ысылған маман қолы қалт етсе, жастарға білгенімен бөлісіп жүр.