6 қазанда өтетін республикалық референдумда тұрғылықты тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркеле алады. Аталған қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді.
Еліміз бойынша бұл күні 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 196 дауыс беру учаскесіне халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмылдырылады. Олар тіркеуі жоқ азаматтарды сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша тіркеуге тұрғызады. Мұндай шешім қазақстандықтардың өзінің дауыс беру құқығын пайдалана алу үшін қабылданды.
Айта кету керек, референдум күні Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сайлау учаскесінде сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін азаматтарды бір күнге мекенжай бойынша уақытша тіркейтін болады. Егер тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азамат дауыс беру үшін мектеп, колледж немесе ауруханаға жүгінсе, оны сол мекемеде тіркейді. Ескеретін маңызды жайт, 7 қазан күні азамат автоматты түрде тіркелген жерінен шығарылады.
АЙДОС СЕРЕКЕЕВ - «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қала бойынша 5 учаскеде қызмет көрсетеді. Ол жердегі негізгі қызметі пропискіде, яғни тірекуде жоқа азаматтарды сол учаскеде тіркеп, дауыс беруге мүмкіндік алады. Тіркелген азаматтар бір күнге ғана тіркеледі. 7 қазан күні тіркелген азаматтар автоматты түрде тіркеуден босатылады.