Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына еңбек ұжымдары үн қосуда. Мекеме қызметкерлері туған өлкені таза ұстау тұрғындардың міндеті деген қағиданы басты бағдар еткен.

  20-ға жуық қызметкер Исатай Әбдікәрімов көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ағаш көшеттерін әктеп, қураған шөптерді тазалады. Осылайша жиналған қоқыс арнайы техниканың көмегімен жақын маңдағы полигонға жеткізіледі.

   Жалпы ауданда тазалық акциясына барлық еңбек ұжымдары тартылған. Олар аптаның сенбі-жексенбі күндері өзіне бекітілген аумақпен қатар орталық көшелердің бойындағы тазалық жұмыстарына атсалысады. Мұндай жұмыстар ауылдық елді мекендерде де жалғасуда.