№7 арнайы түзету мектеп-интернатының «Жұлдыздар» би тобы Түркия елінде өткен «Ipek yolu» халықаралық балалар фестивалінен бас жүлдемен оралды.
Фестивальге Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, тағы да басқа елдердің өнерпаздары қатысқан. Жас өрендер түрлі бағыт бойынша сынға түсті.Сыр өңірінен барған «Жұлдыздар» би тобы «Гүлдер бағы» биін қойып, хореография бағыты бойынша үздік деп танылды. Осылайша олар Дубайда өтетін халықаралық өнер байқауына жолдама алды. Жеңімпаздарды мектеп-интернат ұжымы мен ата-аналары зор қошеметпен күтіп алды.
НАЗЫМ БАЙМАХАН - «ЖҰЛДЫЗДАР» БИ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ
Өте керемет болды, бас жүлде аламыз деп ойламадық. Шолпан апай мен Гүлзира апайға алғыс айтамын, сосын біздің Перизат апайға, ата-анамызғада рахмет.
ПЕРИЗАТ ЖҰМАТОВА - №7 АРНАЙЫ ТҮЗЕТУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы біздің жетінші арнайы түзету мектеп-интернатында осы күні 132 бала білім алып, тәрбиеленуде. Бұл балалардың барлығы да өнерге, спортқа,биге жалпы өнерге өте құштар. Осы балаларымыз жыл сайын өздерінің жүлделі орындар иеленіп келеді. Осы қазан айының 25-26 күні Стамбулда өткен халықаралық өнер байқауында біздің балдарымыз бас жүлдені жеңіп алып. Сол үлкен сахнада Дубай қаласына жолдама алып келе жатыр. Балаларымызға алдағы уақытта мықты денсаулық,өнерлері өрге жүзе берсін дейміз.