Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың арасында Сыр өңірінің еңбекқор азаматтары да бар. Мәртебелі марапат төрінен көрінген жерлестеріміз өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қонақ болып, өз әсерлерімен бөлісті.

 Жорабек Нұрымбетов, Нәжмадин Мұсабаев, Айткүл Шалғынбаева. Үшеуінің де есімдері елге етене таныс. Үшеуі де қолынан келгенше өңіріміздің өркендеуіне, өсуіне бар мүмкіндігін, білімін, тәжірибесін жұмсаған жандар. Соның ішінде Жорабек Ибрагимұлы ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алды.

ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Бұл марапат тек менің марапатым емес, бүкіл қазақстанның сушыларының марапаты сияқты көрінді. Оның ішінде Сыр елінің сушыларының марапаты. Кешегі жолдауында айтты ғой мемлекет басшысы, ендігі наградлардың барлығын қарапайым жұмысшыларға береміз деп. Сушыларға, геолгтарға, шахтерларға, техникалық қызметкерлерге береміз деп, соған бағыттаймыз деп айтқан. Қызылорда облысы 98% cуармалы, оның 60 пайызы елді мекендерде тұрады, 90 пайызының күн-көрісі ауылшаруашылық өнімдері, суға тәуелді.

 Еңбек ардагері Нәжмадин Мұсабаев – өз өмірін халық игілігіне арнаған тұлға. Қызмет жолы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қиын-қыстау жылдарына тұспа-тұс келген кезде де еліне адал қызмет етуді мұрат тұтты. Ол әр марапатының артында елге деген махаббаты мен адалдығы тұрғанын айтады.

НӘЖМАДИН МҰСАБАЕВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

 Тәуелсіздіктің арқасынада жаңа нарықтық экономикаға сәйкес қызмет жасадық. Осы елдің өсуіне, бар білімімізді, тәжірибемізді жұмсадық деп ойлаймын. Мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Жаңақорған ауданында бес жыл әкім болып, қызмет жасадым. Сол тәуелсіздіктің алғашқы 10 жыдығына орай, «Ерен еңбегі үшін» деген медаль алдым. Одан кейін Арал ауданының әкімі болып, онда 10 жыл жұмыс істедім. Тәуеліздіктің 15 жылдығына орай, «Құрмет ордненін» алдым. Республика күніне орай, «Парасат» орденін алдым, бұның барлығы мақтан үшін емес, ееңбектің еленгені деп білем.

Әр сөздің астарында ұлттың үні мен арманын жеткізуді мақсұт еткен сарапшы журналист Айткүл Шалғынбаева Республика күнінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өз саласына деген шексіз адалдығы, қаламына деген құрметі оның әрбір еңбегінен көрініс тапты. Сөз иесінің жетістігі көп жылғы қажырлы қызметінің ғана емес, қазақ журналистикасының өркендеуіне қосқан еңбегінің ақталуы.

 АЙТКҮЛ ШАЛҒЫНБАЕВА - АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, , «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ

Бізге сабақ берген кісілер қазақ журналистикасыныың негізін қалаған, қазақ тележурналистикасының негізін қалаған үлкен ағайларымыздың алдынан өттік Сағат Әшімбаев ағамыз, Камал Смайылов ағамыздың ол кісілердің сөйлеген сөзіне, атқарған істеріне қарап ұлтжандылық, ол кезде «ұлтшыл» деген сөзді айта алмайтынбыз, сол бір ұлтжанды қасиетті бойымызға сіңірдік. Қаламға адал болуды бойымызға сіңірдік.

 Әр салада абырой биігінен көрінген азаматтардың сәулелі сәті жас ұрпаққа өнеге болып, ел үшін аянбай еңбек етуге шақыратыны сөзсіз.