Қойын-қонышына асық толтырып алып, топтаса, жамыраса асық ойнаған балаларды көру бүгінде таңсық дүниеге айналып барады. Ал, қала іргесіндегі Абай ауылында асық ойыны ұлттық тәрбие көзі ретінде қайта жаңғыруда.