1 қараша күні аймағымызда Республикалық әкелер форумы өтеді.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын форум екі күнге созылады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық ер азамат қатысады деп күтілуде. Форумға аясында қатысушылар өңірдің көрікті жерлерін аралайды.

  ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА – ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ

Биылғы жылғы тоғызыншы форумның тақырыбы «Тәрбие- тал бесіктен басталады» деп аталады. Бұл форум негізгі бастамашы республикалық әкелер одағы. Бұл форум жылда дәстүрлі түрде республикамыздың түрлі өңірлерінде, Астана, Алматы қалаларында өткізіліп келетін. Биылғы жылы осы Қызылорда қаласында өткізуге жоспарланып отыр.

 ЕРЖАН ЕСКЕНДІР – ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Енді осы дәстүрлі түрде өз жұмысын жасап келе жатқан осы форумдар негізгі алдына қойған мақсаты осы қоғамдағы әкенің рөлін, оның тәрбиесі жөнінде басты мәселелерді ортаға қоятын болады. Өз жоспарын нақтылап, келесі жылға өзінің бағдарламаларын жасайтын болады. Жалпы осы форумның мақсаты осы.