Қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында балабақшада сапалы тәрбие беру мәселесі мен қауіпсіздік ережелері талқыланды. Тілші бейнематериалында толығырақ.


 Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында 28 мемлекеттік және 205 жеке балабақша жұмыс істейді. Бұл білім ұйымдарында үш мыңға жуық тәрбиеші еңбек етуде. Осы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру- күн тәртібіндегі өзекті мәселеннің бірі.

 ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВА - ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 «Мектепке дейінгі Білім беру ұйымдарының педагог-тәрбиешілері біліктерін арттыру курстарынан өтуде. «Өрлеу» облыстық кәсіби даму институтынан 477 педагог, НЗМ-нің педагогикалық шеберлік орталығынан 477 падагог, «ерте дамыту» институтынан 250 маман. Барлығы 748 педагог арттырып отыр».

 Бұдан бөлек балалардың қауіпсіздігі үшін білім беру ұйымдарын күзету жұмыстары мен материалдық жағдайына да жіті мән беру қажет.

 ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВА - ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «мемлекеттік балабақшаның барлығы 100 пайыз камерамен қамтылған. Қазіргі таңда олар жедел басқару жүйесіне қосылған және талапқа сай сақталып, мерзімі қамтамасыз етілген. Бейнебақылау орнатылған 28 балабақшада 1549 камераның 1090-ны ғимарат ішінде, 459-ы ғимарат сыртында. Барлығында турникет бар және 25 балабақша арнайы күзетпен қамтамасыз етілген. Бұл да балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі».

НАТАЛЬЯ МИШУКОВА – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Жеке балабақшаларда да Қазақстан азаматтарының балалары тәрбиеленуде. Қазіргі таңда проблемалар өте көп. Әрине, жақсы да жұмыс істейтін балабақшалар жетеді. Бірақ мазалайтын дүниенің бірі, қазір интернет желісінде қаралау , жамандау. Осыған бір ұсыныс ретінде әрине біз баланы бәріміз тәрбиелегіміз келеді. Мемлекет, ата-ана, балабақша. Ата-аналар келіп, 1 сағат сабақ берсін. Өзінің уақытын бөлсін. Сондай бір ашық есік күнін ұйымдастырайық. Мен ойлаймын мемлекеттік балабақшаларда да проблемалр бар. Тәрбие жағын осылай қолға алсақ».

Яғни, балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі барлық тараптардың осы мәселеге кешенді көзқарасына байланысты дейді мамандар. Жиын барысында күрделі жөндеуді қажет ететін балабақшалар мәселесі де сөз болды.