Бүгін «AMANAT» партиясының бастамасымен ауыл әкімдерінің облыстық форумы өтіп жатыр. Жиында партияның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқылануда.Сондай-ақ, мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелер ашық талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылмақ.