«Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономиканың негізі». Осындай атаумен Достық үйінде кәсіпкерлерге арналған семинар өтті. Шара аясында жергілікті кәсіпкерлер көпшілік назарына табиғи таза өнімдерін ұсынды.

 Семинарға кәсіпкерлер, ерікті жастар қатысты. Шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес субьектілерін құру және оның экономикадағы үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар кәсіп иегерін қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Семинарда бизнесті жүйелеу әдістері, кіші кәсіпорындарды дамыту жолдары, кәсіпкердің қаржылай сауаттылығын арттыру мәселелері мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы мүмкіндіктер туралы айтылып, кәсіпкерлер өзара пікір алмасты.

 ЕРБОЛ ШЫМА - «ХАЛЫҚ» ҚҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ

 Шараға Алматы қаласынан келіп тұрмын. Бүгінгі шарада менің миссиям заман талабына сәйкес, кәсіпкерлерге ақпарат беру.Оның ішінде қазір ең сұранысқа ие жасанды интеллектті кәсіпте пайдалану.Өйткені, жасанды интеллекттің кәсіп үшін,қоғам үшін әкелер жаңашылдықтары өте көп. Қазақ кәсіпкерлерде әлемдік трендттен қалмай,жаңа технологияны пайдалана білу керек.

 МАРЖАН КЕНЖЕҚАРАЕВА – КӘСІПКЕР

Біз кулинарлық кәсіп өндіріп жатырмыз. Қыркүйек айынан бастап нарықтамыз. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 30 шақты магазинде өніміміз тұр. Сұранысқа ие. Келешекте май шығаратын зауыт шығару ойымызда бар,Құдай қаласа. Семинардан үйренгеніміз, жасанды интеллект жайлы айтып жатыр, қызықты өтіп жатыр. Қажетті ақпараттар алдым, рахмет ұйымдастырушыларға.