Өшпес ерлік ұрпаққа мұра. Ұлы жеңістің 80 жылдығы және Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай әскери-патриоттық сайыс өтті. Оған 13 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Сайысқа қатысушылар алты кезең бойынша бақ сынады. Бұрымдылар АК-74 автоматын уақытқа бөлшектеп, қайта құрудан ең әбжілін анықтаса, ұлдар 16 келілік гір тасын көтеруден жарысты. Одан бөлек әр командадан бір адам, аталған тақырыптарға сурет салды. Іс- шараны облыстық «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлері қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
ҒАЛЫМ БЕКЕНОВ - «ГЕРМАНИЯДАҒЫ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ ТОБЫ МЕН ВАРШАВА КЕЛІСІМ ШАРТЫ ӘСКЕРІНІҢ ТОБЫ» АРДАГЕРЛЕРІ ҚБ МҮШЕСІ
Бүгінгі мынау, Әскери-патриоттық ойынымыз өз дәрежесінде өтіп жатыр. Балалар қару жарақты, саптық өнерді, бәрін тегіс үйренген. Бұл мектептердегі алғашқы әскери білім берудің өз дәрежесінде жүріп жатқанының белгісі деп ойлаймын.
АҚЕРКЕ ШІЛДЕБАЕВА - ОҚУШЫ
№211 мектептің оқушысымын. Команда бойынша алты адамбыз, 2 қыз, төрт ұл. Автоматты жартылай бөлшектеуге және жинақтау сайысына қатыстым, жалпы әр бала өзінің ішінде отанды қорғауға,отанға қызмет етуге деген күші бар деген ойдамын.
Сайыс қорытындысымен №211-інші Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушылары жеңімпаз атанды.Барлық жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.