Аймағымызда үш денешынықтыру сауықтыру орталығының құрылысы аяқталуға жақын.
Соның бірі, Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы заманауи спорттық нысан. Жоба бойынша 2023 жылы ел игілігіне берілуі тиіс болатын. Бірақ, мердігер өз міндетін уақытында орындамай, мерзімінен екі жыл кешіктірген болатын. Енді міне көптен күткен спорт кешені жақын күндері ел игілігіне беріледі.
Жалпы аймақтағы «сақалды» құрылыстарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бақылауға алғалы 8 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
ҚУАНЫШ АХМЕТҚАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ Кейбір нысандар сот арқылы келісім-шарт бұзылған және мердігерді конкурс арқылы тағайындау ол да ұзақ мерзімге созылып кетеді. Сондай ФОК-тың үшеуі бар. Олар Қармақшыда Ақай ауылында, Жалағаш кентінде.